24 Сәу 2021
Жаңалықтар

“TIMSS” тапсырмаларын құрастыру жолдары” тақырыбында аймақтық оқыту семинары

“TIMSS” тапсырмаларын құрастыру жолдары” тақырыбында аймақтық оқыту семинары

 

Атырау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, №36 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Математика пәні бойынша “TIMSS” тапсырмаларын құрастыру жолдары” тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті.

Мақсаты: Әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану - математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау

Семинарда спикерлер Білім, қолдану, ойлау танымдық салалары бойынша тапсырмалар құрастырып,әртүрлі онлайн тақтамен (Padlet,Miro,Jamboard)жұмыстар жүргізді.

Семинарға барлық қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында қатысушылармен “Quizizz”қосымшасы арқылы кері байланыс алынды.