01 Сәу 2021
Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар)

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    - «Бала денсаулығы паспорты»;
    - 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.