02 Нау 2021
Жаңалықтар

Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары. ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері

❖ 2021 жылдың 22 ақпан күні №36 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары. ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында математика және физика пәні мұғалімдерінің аймақтық семинары өткізілді.

❖ Семинар ZOOM платформасында жүргізілді.

❖ Оқытудағы кедергілер, олардан шығу жолдарын анықтау, жаңа форматтағы ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктерімен бөлісу және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарға №22, №23, №24, №25, №26, №27, №39, Қ.Сәтпаев, Қ.Смағұлов, Б.Нысанбаев, Талғайран, Бесікті мектептері қатынасты.

❖ Семинар барысында Қ.Сәтпаев атындағы мектептен К.Қ.Бекішева, Қ.Смағұлов атындағы орта мектептен А.М.Искакова, №25 орта мектептен З.Т.Ескалиева, №26 орта мектептен М.Б.Тажиева, №36 мектеп-гимназиясынан Д.А.Қадірбекова, №39 орта мектептен А.А.Маженова және №22 орта мектептен Н.К.Урынбасарова өз тәжірибелерімен бөлісті.

❖ Семинар соңында қатысушы әріптестер тарапынан жағымды кері байланыстар айтылды.