25 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары. ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері»

2021 жылдың 22 ақпан күні №36 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары. ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында математика және физика пәні мұғалімдерінің аймақтық семинары өткізілді.

Семинар ZOOM платформасында жүргізілді.

Оқытудағы кедергілер, олардан шығу жолдарын анықтау, жаңа форматтағы ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктерімен бөлісу және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарға №22, №23, №24, №25, №26, №27, №39, Қ.Сәтпаев, Қ.Смағұлов, Б.Нысанбаев, Талғайран, Бесікті мектептері қатынасты.

Семинар барысында Қ.Сәтпаев атындағы мектептен К.Қ.Бекішева, Қ.Смағұлов атындағы орта мектептен А.М.Искакова, №25 орта мектептен З.Т.Ескалиева, №26 орта мектептен М.Б.Тажиева, №36 мектеп-гимназиясынан Д.А.Қадірбекова, №39 орта мектептен А.А.Маженова және №22 орта мектептен Н.К.Урынбасарова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушы әріптестер тарапынан жағымды кері байланыстар айтылды.