03 Мамыр 2019
Жаңалықтар

Атыраудағы тұңғыш кадет сыныбы

Салтанатты жиынның қонақтары:

Батыс аймағы әскери прокурорының орынбасары әділет капитаны Молдабаев Алтай Ондабекұлы
Батыс аймағы әскери қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары подполковник Сатканов Бернард
Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Измағамбетов Марат Сағиұлы
Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының директоры Садыржан Самиғоллаұлы
Атырау қалалық білім бөлім басшысының орынбасары Алмабек Дүйсенбайұлы
Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұмазия Бозайқызы
«Барыс» балалар мен жасөспірім дене шынықтыру даярлық клубының директоры Рашид Әмірұлы
Сондай-ақ, әскери бөлімшелер басшылары, ауған соғысының ардагерлері, ұстаздар, ата-аналар, «Сарбаз» ұлдар клубының мүшелері.
Салтанатты жиын барысында, кадеттік сынып кадеттерінің Анты қабылданып, Батыс аймағы әскери прокурорының орынбасары әділет капитаны Молдабаев Алтай Оңғарұлының куәлік тапсыру рәсімімен жалғасты.
Кадеттік сынып кадеттері
– Саптық даярлық;
– Автоматты бөлшектеп, жинақтау;
– Қазақ күресі;
– Робототехника сабақтарынан үзінді көрсетті.
«Әскери прокуратура кадеті» сыныбының кадеттері Антына берік, білімі мен білігі қалыптасқан, Отанына адал қызмет ететін кадеттер болатынына сеніміміз мол.