02 Мамыр 2019
Жаңалықтар

«Жас қауырсын» ақындар клубының тұсаукесер кеші

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы… Мектебімізде өмірін өлеңмен өрнектеп, қағаз бен қаламды серік еткен жас ұрпақ қатары артып келеді. Таланты мен дарыны ұштасқан жас қауырсынның шығармашылық шабытын шыңдап, жанам деген жүрекке от беру үшін оларға бағыт-бағдар керек-ақ. Осы орайда 2017 жылдың қараша айының 24-ші жұлдызында оқушылардың ақындық талабына сай суырып салмалық және жазба өлеңдеріне қарай дұрыс бағыт беріп, поэзияға жаны құмар оқушылардың басын біріктіру мақсатында құрылған «Жас қауырсын» жас ақындар клубының тұсаукесер кеші өтті. Поэзия кешінде ақынжанды оқушылар өздерінің жүрекжарды туындыларымен қоса, ұлтымыздың ұлы ақындарының өлеңдерін оқыды.Кеш соңында мектеп директоры З.Базылқызы сөз алып, клуб мүшелеріне ақындар клубының төсбелгісін табыстады.

 «Жас қауырсын» ақындар клубының мүшелері